Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылдан бері жыл сайын мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына" республикалық фестивалін ұйымдастырып келеді.
Елімізде қалыптасқан карантиндік режимге байланысты аталмыш өнер фестивалі биылғы жылы онлайн форматта өткізілуде.
"Қазақстан" орталық концерт залында өткен Фестивальдің алғашқы күнінен бейнероликті тамашалай отырыңыздар.