Новости
"Әр қазақ домбыра тарта білуі керек". Vogue жазған жас домбырашы Маржан Қапсамат
25.09.2020

Маржан Қапсамат - 23 жаста, Баянауыл тумасы. Отбасында кәсіби музыкант жоқ. Бірақ әкесі домбырамен ән айтып, Маржан қыздың қасиетті аспапқа деген қызығушылығын бала күннен оятқан. Осылайша ол 4-сыныпта домбыра тартуды үйрене бастаған және бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында өз домбыра мектебін ашты.

АҚШ-тың Vogue басылымы Іnstagram желісіндегі парақшасында (@voguemagazine) Көбейтұз көлінде домбыра тартқан қазақстандық Маржан Қапсаматтың видеосын жариялады.

"Соңына дейін сенбедім"

Маржанның айтуынша, Лиана есімді журналист хабарласып, сұрақ қойған. Бірақ өзі оның шынымен басылым үшін материал дайындалып жатқанын жарияланғанға дейін сенбеген.

"Шынымды айтсам, мүлдем күтпедім. Соңына дейін сенбедім десем де болады. Желіде өзі үшін жазып жүрген блогтар болады ғой. Басында маған Лиана @liana_ava жазып жүргенде солай деп ойладым. Ол апта бойы бірнеше сұрақ қойды. Неге сонша ұзақ деп те ойладым. Кейін бәрін ашық, қаз-қалпында берді. Расын айтсам, қайда, қандай сұхат беріп жатқанымды сезіне алмай, қабылдай алмай жүрдім", - деп бөлісті Маржан өзі туралы америкалық басылым жазғанын көрген кездегі эмоциясын айтып."

Актуальные