Жаңа мүсін Абайға арналған көптеген басқа ескерткіштерден өзгеше. Фигура гиперреализм стилінде балауыз бен силикон материалдарынан жасалған. Мүсіннің бірегейлігі оның ұлы ақынның бейнесін неғұрлым нақты, сенімді және мәнерлі етіп жеткізетіндігінде. Автордың ерекше техникасы мен шеберлігінің арқасында Абайдың жаңа гипер-реалистік мүсіні Мадам Туссо мұражайының экспонаттарының сапасы мен сұлулығынан кем түспейді.
Осы бірегей туындының авторы-Қазақстанның алғашқы гипер-реалист мүсіншісі, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов. Біз оған атқарған жұмысы үшін Алғыс білдіреміз. Абай мүсіні Абай музейінде "Қазақстан"орталық концерт залының ғимаратында орналасады.
https://www.facebook.com/qazaqconcert.kz/posts/2807687986219256