События
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт, туризм саласының қызметкерлерін «Халық алғысы» медалімен марапаттады
06.10.2020

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарды рухани демеп, түрлі жобаларды қолға алып, белсенділік танытқан мәдениет, спорт және туризм саласы өкілдерін онлайн форматта «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

Жиын басында министр барлық мәдениет, спорт және туризм саласының мамандарына алғыс айтты.

«Биыл 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың № 412 Жарлығымен пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында мәдениет және спорт саласындағы бірқатар азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Еліміздегі мәдениет, спорт, туризм саласына 100-ден астам «Халық алғысы» медаліне квота бөлінген болатын. Солардың ішінде өздеріңізді ерекше атап өтіп, аталған медальді табыстау рәсімін өткізгелі отырмыз. Осы уақыт аралығында Сіздердің талмай еткен еңбектеріңіз бен қызметтеріңіздің арқасында, ел ішіндегі қиын-қыстау уақытында өз өнерлеріңізбен, қажырлы еңбектеріңізбен халық ризашылығына бөлендіңіздер. Тән саулығымен қатар жан саулығы жүретіні белгілі. Жанның саулығы - құнарлы, мазмұнды жырда, әуезді әнде, тағылымды дәрістер арқылы қалыптасатыны тағы бар. Сіздердің әр көрсеткен қызметтеріңізді мемлекет тарапынан елеп-ескеріп, қолдау көрсету мақсатында осы атаулы медальмен марапаттауға рұқсат етіңіздер»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Мәдениет және спорт министрлігі бойынша марапатталғандар тізімі:

Алтынбеков Алмас Керімжанұлы – «Қазақконцерт» МКҚК директорының орынбасары; 

Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы – музыкант, мультиинструменталист; 

https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/105860?lang=kk&fbclid=IwAR2pJnfClTKbg0DPBW_WonwDaYJjbOaRXep-PDMrx2imieoqu8GvKvtIHeQ

Актуальные