События
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің III-ші республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтеді
07.10.2020

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің III-ші республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтеді

Марапаттау рәсімінің күні: 07.10.2020 ж, уақыты сағат 15:00!!!

Өтетін жері: ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік көшесі, 54

Биыл алғаш елдегі эпидемиологиялық жағдай ескере отырып Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері мен ұйымдарының ІІІ-ші республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтті. Қыркүйек айының 28-30 күндері аралығында, қатарынан үш күн қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарады. Байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардан жалпы саны 259 өтінім түсті. Оның ішінде 119 кітапхана, 90 мәдени ойын-сауық ошақтары мен 50 музей бар.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ: Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымдар мен үздік қызметкерлерге арнайы қаржылай сертификат табысталады. Сондай-ақ, үздік деп танылған өзге де өнерпаздарға «АРНАЙЫ ЖҮЛДЕЛЕР» қарастырылған.
Марапаттау рәсіміне өңірлерден барлық жеңімпаздар келіп қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылар келген қонақтарды әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отыра орналастырады.

Қорытынды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube, Facebook ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

«РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2020» - ҰЛТТЫҚ МҰРАЛАР ҰЛЫҚТАЛАТЫН АЛАҢ

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:
Өңірлерде іріктеу кезеңі 14 қыркүйекке дейін өтті. Үздік шыққандар республикалық кезеңге жолдама алды. Ал, республикалық байқау қыркүйек айының 28-30 күндері аралығында өтті. Қазылар алқасының мүшелері үш күн бойы онлайн форматта қатысушылардың еңбектерін бағалады. Әр сала бойынша іріктеу жұмыстарын бағалау тікелей эфирде көрсетілді. Мысалы, кітапхана саласы бойынша ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының, музей саласы бойынша Ұлттық музейдің, ал, мәдениет ұйымдарының үздіктерін анықтау «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Facebook парақшаларында тікелей эфирде өтті.


https://www.facebook.com/pg/concertgastrol/posts/?ref=page_internal

Актуальные